Бүгін, 23 желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шарада жеңімпаз оқушылар Бейнеу аудандық білім бөлімінің дипломдары мен арнайы медальдарына ие болды.
Күйкен жалпы білім беретін мектебінің командасы білім додасында үздік нәтиже көрсетіп, «Ең үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша ІІІ орынды жеңіп алды.
Бұл – оқушылардың талпынысы мен ұстаздардың жүйелі жұмысының жемісі.
Облыстық кезеңге жолдама алған шәкірттерімізге сәттілік тілейміз.



