Сыныбы: 0 "А"
Сынып жетекшісі: Жұмаш Мәдина Сәбитқызы
4 наурыз күні 0 "А" сыныбында "Әріптер әлемі негіздері" пәнінен "Н" дыбысы мен әрпі тақырыбында анимациялық сабақ өткізілді.
Сабақты "Шаттық шеңберінде" тұрып, үш тілде өлең айтумен және жылы лебіз білдірумен бастады.
"Раушан", "Түймедақ", "Қызғалдақ" гүллері арқылы топқа бөлінді.
Сабақ мақсаты толық айқындала отырып, барлық дайындалған топтық және жеке жұмыстар жүргізілді. Интербелсенді тақта арқылы барлық тапсырмалар берілді.
Топтық жұмыстарын өзара және жеке бағалау жұмыстары жүрді, сондай-ақ сергіту сәті бимен өткізілді.
Сабақ соңын қорытынды сұрақтар қою арқылы және балаларды бағалау мақсатында смайликтер берілді.
Сыныбы: 0 "Ә"
Сынып жетекшісі: Әлжан Ұлбосын Раматуллақызы
2 наурыз күні 0 "Ә" сыныбында Сауат ашу негіздері пәнінен "Б" дыбысы мен әрпі тақырыбында анимациялық сабақ өткізілді.
Сабақты үш тілде сәлемдесіп, "Шаттық шеңберінде" тұрып, үш тілде өлең айтумен басталды және жылы лебіз білдірумен басталды.
"Бәйтерек", "Балапан", "Ботақан" сөздері арқылы топқа бөліне отырып, хатқалта ішіндегі суреттерді құрастыру арқылы толық мәлімет берілді.
Сабақ мақсаты толық айқындала отырып, барлық дайындалған топтық және жеке жұмыстар жүргізілді. Интербелсенді тақта арқылы барлық тапсырмалар берілді.
Топтық жұмыстарын өзара және жеке бағалау жұмыстары жүрді, сондай-ақ сергіту сәті бимен өткізілді.
Сабаққа қатысып отырған білікті мұғалімдерге "Б" әрпіне байланысты балаларға ыстық лебіздерін айтуға тапсырма берілді.
Сабақ соңын қорытынды сұрақтар қою арқылы және балаларды бағалау мақсатында бауырсақ берілді.
Сыныбы: 1 "Б"
Сынып жетекшісі: Айнура Жалиева Айбергенқызы
2 наурыз күні 1 «Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Елімнің мемлекеттік рәміздері»
тақырыбында саяхат сабақ өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату.
Сабақ шаттық шеңберінде жылы лебіздер айтудан басталып, психологиялық ахуал құрылды.
Саяхат сабағында жас ерекшелігіне сай топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді.
Заман талабына сай АКТ құралдарын пайдалану арқылы жүргізілген сабақ қызықты өтті.
Сабақ жоспары пәнаралық байланыс, сергіту сәті, бағалау түрлері жаңартылған бағдарлама негізінде құрылған.
Әр жұмыстан соң өзара және топтық жұмыстарын бағалау жұмыстары жүргізіліп, бағаланып отырды. Ойын арқылы сабақ қорытындыланып, кері байланыс жасалды.
Сыныбы: 1"В"
Сынып жетекшісі: Әбдіқалиева Жарқынай Байжігітқызы
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: "Мәтін. Саусақ жаттығулары" танымдық сабақ
МАҚСАТЫ:Сөйлеу барысында дауыс ырғағын, екпін, әуен арқылы ойды ым-ишара арқылы қимыл көрсету.
Coogle форм арқылы өткен сабақты ұялы телефоннан тест тапсырмасы орындалды.
Саусақ жаттығулары өлең шумақты QR арқылы тыңдалым және сандар реті арқылы Сөздік диктант орындалды.
Мектеп дефектологы Сейтжапбарова Қарлығашпен тыныс алу және тіл,ми дамыту нейрожаттығу, саусақ жаттығулары жүргізілді.
Мақсатқа бағытталған топтық, жұптық,жеке жұмыстар жүргізілді.
Оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс жүргізілді.
Сынып жетекшісі: Пауадинова Назгүл Пауадинқызы
3 наурыз күні 3 «Г» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Ауырлық күші дегеніміз не?» тақырыбында зерттеу сабағы болып өтті.Үй тапсырмасын элективті тест әдісі арқылы қорытындылап,жаңа сабақ дене шынықтыру пәнімен байланысып, балалар жаңа сабақтың тақырыбын ашты.Яғни, жеңіл, ауыр зілтемірлерді салыстыру арқылы салмақтарының екі түрлі екенін аңғарды. Сабақ тақырыбына сай топтарға бөлінді.Сабақ барысында зерттеу жұмысы жүргізіліп, топтық, жұптық тапсырмаларды орындауда өз белсенділіктерін танытты.
Әр тапсырма бойынша бағалау жүргізілді.
Сабақ соңында кері байланыс жасалып, көңілді әуенмен аяқтады
Сыныбы 3 “Д”
Сынып жетекшісі Тұрсынова Анар Серікқызы
3 наурыз күні 3 “Д” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сын есім” тақырыбы бойынша мотивациялық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Сын есім дегеніміз не екенін анықтау. Сын есімдерді табу, мәтінді талдауды, тапсырмалар арқылы өздігінен ой қосуды үйрену.
Сабақ барысында “Сиқырлы сандар”, “Қолшатыр “, “Коллаж әңгіме” әдістері қолланылды.
АКТ құралдары тиімді пайдаланылды. Сабақ өте қызықты өткізілді.
Ойын арқылы сабақ қорытындыланып, кері байланыс жасалды.
СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС
Сыныбы: 4"Б"
Сынып жетекшісі: Омарқұлова Жадыра Шайхықызы
Тақырыбы: "MAGIC NUMBERS" (Сиқырлы сандар)
Мақсаты:
оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбексүйгіштікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілі: "Шапалақ" әдісі, "Шаршы шапшаңдығы"



