30 сәуір күні Астана қаласында өткен 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсында Күйкен жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Бердібек Ақылбек «Туған өлке табиғаты» секциясы бойынша күміс жүлдегер атанды.
Туған жер табиғатын зерттеп, қоршаған ортаға жанашырлық танытқан шәкіртіміздің бұл жетістігі – білім мен ізденістің жемісі.



