19 қазан күні Ақтауда «AMANAT» партиясының қолдауымен және Маңғыстау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестиваліне мектебіміздің оқушылары да қатысып, жеңіл атлетика сайысында өз шеберліктерін көрсетті.
Оқушыларымыз жоғары белсенділік танытып, грамоталармен марапатталды.



