Nature field
Жаңалықтар
Толығырақ
Топ жарған экологтар
27 наурыз күні 5–8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде шәкірттеріміз топ жарып, үздіктер қатарынан көрінді.
«Туған өлке табиғаты» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Бердібек Ақылбек І орын;
Жетекшісі: Усенова Нұрсәуле.
«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Бейсенбай Нұржайна ІІІ орынмен марапатталды.
Жетекшісі: Жұматай Нұршаш.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз.
Республикалық кезеңге жолдама алған Ақылбекке сәттілік тілейміз.

Сүйінші жаңалық
2026 жылдың 3-7 сәуір аралығында Тараз қаласында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қорытынды кезеңі өтті.
Білім додасында Күйкен жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Жақсыгелдиева Нұршаттық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен
ІІ орынды жеңіп алды
Тіл саласында топ жарып жүрген дарынды шәкіртіміз Нұршаттықты және жетекшісі Адаева Мерекені шын жүректен құттықтаймыз!



